МТРА жаңалықтары

Есіл ауданының Өрнек ауылында ғылыми-зерттеу экспедициясы болып қайтты

Есіл ауданының Өрнек ауылында ғылыми-зерттеу экспедициясы болып қайтты. Ұлттық ұлан Әскери институтының ғалымдары мен Жанбатыр Сартаев, Анатолий Плешаков сынды көрнекті зерттеушілер Абылай ханның заманында өмір сүрген қазақ батыры Жанатай Жәңкеұлы туралы деректер жинақтауда.

Жаужүрек тұлға XVIII ғасырдың бірінші жартысында дүниеге келген. Жоңғарларға қарсы ұрыстарға қатысқан. Мамандар жауынгердің ұрпақтарымен де жүздесті. Жақын арада Жанатай Жәңкеұлының жерленген жері “Қазақстанның киелі жерлерінің картасына” енгізіледі деп жоспарлануда. Осы және өзге де тарихи деректермен сенбі күні сағат 15:30-да арнамыздан ұсынылатын “Рухани жаңғыру” бағдарламасынан таныса аласыздар.

Маржан Касымбек