COVID-19: Қазақстан

СҚО – «сары» аймақта

Солтүстік Қазақстан облысы қайтадан «сары» аймаққа өтті. Бұған себеп – өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты болмауы.

Өткен тәулікте аймақта 25 адам вирус жұқтырып алыпты. Оның 20-сының бойында қауіпті аурудың белгілері анық байқалады. Толығырақ ақпармен бөлісейік. Індетке Петропавл қаласында – 8, Есіл ауданында – 4, Уәлиханов пен Айыртауда – 3-еу және өзге 5 ауданда 1-2 тұрғыннан шалдыққан. Жалпы, пандемия басталғалы өңірде 14 мыңнан аса адам инфекция жұқтырған. Оның 14 мыңға жуығы емделіп шыққан.

 

Бердимурат Баймухан