МТРА жаңалықтары

Өңірде егістік науқаны басталды

Тағы 330 мың гектарға – жем-шөп, 38 мыңға картоп пен өзге көкөністер егіледі. Импортты алмастыру аясында аграрийлер қарақұмыққа үстіміздегі жылы 10 мың гектар жер бөлмек. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,5 есеге көп. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер көктемгі дала жұмыстарын уақытылы жүргізеді деп жоспарланып отыр. Агроқұрылымдар тұқыммен толық көлемде қамтылған. Арзандатылған дизельдік отынның 37 мың тоннасы жеткізілді. Қалған 31 мыңы мамырдың соңына дейін өңір диқандарына жөнелтілмек. Минералдық тыңайтқыштарға келер болсақ, келісім шарт 148 мың тоннаға жасалған. Бүгінде аймаққа 93 мың тонна препарат әкелінген.

Нарғыз Ақжігітова – СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бас маманы:

– Мамырдың 14-іне дейін 50 мың гектарға егін егілді. Оның ішінде 31 мың гектарға – дәнді, 16 мыңға майлы дақылдар егілді. Ағымдағы жылдың егіс науқанын жүргізуге 13 мың траткор, 15 мың астық сепкіш, 1200 заманауи өнімділігі жоғары егіс кешендері қатысатын болады.

 

 

 

Эльмира Садвокасова