Спорт

“Qyzylgar” ФК ақтаулық “Caspiy” құрамасымен кездесу өткізеді

Демалыс күні петропавлдықтар кезекті мәрте тартысты ойынның куәсі болмақ. Бұл жолы жергілікті “Qyzylgar” ФК өз алаңында ақтаулық “Caspiy”-мен күш сынасады.

Қос ұжым арасындағы кездесу мамырдың 15-іне, сағат 15:00-ге белгіленген. Қазіргі таңда теріскейліктер 9 матчтан кейін турнирлік кестенің 6-шы сатысында тұр. Айта кету қажет, жақында жергілікті құрамаға жаңадан сербиялық аяқ доп шебері қосылды. Венгриялық “Кишварда” клубынан ауысқан Неманья Обрадович шабуыл шебінде өнер көрсетпек.

 

Алдияр Айтпаев