Мәдениет

Кеңес Одағының Батыры Ысқақ Ыбыраевтің туғанына – 110 жыл

Жаны жайсаң, мейірімді, ақылды, керек кезінде қатал. Айналасындағы үлкен-кішінің бәрін бірдей сыйлап, қамқорлық танытқан. Мұндай қасиеттерді өз бойына сіңіріп қана қоймай, бұған балаларын да баулыды. Арада бірталай жыл өтсе де Ысқақ Ыбыраевтің немерелері батыр аталарының өмір жолын, ерлігін үлгі тұтып, мақтанышпен айтады.

Саян Ыбыраев – Ысқақ Ыбыраевтің немересі:

– Менің әкем 13 жасында әкесінен айырылып, жетім қалған. Сол себепті, атам жайында көп ақпарат біле қоймайтын. Алайда, әрқашан оның бір ғана көз қарасымен барлық мәселені шеше алатын қасиеті болғанын айтып отыратын. Жалпы, атамның Серік және Қарлығаш деген ұл-қызы болды. Ер баласы жалғыз болғандықтан, әрдайым уайымдап, әкеме кейбір істерді жасауға тыйым салған сәттері де болыпты.

Ер есімі – ел есінде. Ысқақ Ыбыраев 1942 жылы әскер қатарына алынып, 2-ші дүниежүзілік соғысқа аттанған. Жасаған ерліктері үшін «Германияны жеңгені үшін» медалімен, «Қызыл Жұлдыз» және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

Әлия Ыбыраева – Ысқақ Ыбыраевтің қарындасы:

– Кеңес Одағының Батыры Ысқақ Ыбыраев 1911 жылы туған. Ал, менің әкем 16-жылы дүниеге келген. Ағайынды бауырлар өзара өте тату болыпты. Әкемнің айтуынша, көптеген жандар бір мәселе туындаған кезде ақыл-кеңес, тіпті көмек сұраған екен. Ал олар барынша қолдау көрсеткен.

Ысқақ Ыбыраевтің ұрпақтары тектеріне асқан құрметпен қарап, аталарының есімдеріне кір келтірмеуге тырысады екен. Ал батыр азаматтың жерлесі Зарап Құрманқұлов дара тұлғаны алғаш рет көргенде 14 жаста болыпты. Ол кезде Ысқақ Ыбырайұлы Новопокровка совхозында хатшы болып еңбек еткен екен.

Зарап Құрманқұлов:

 – Мен өзім Шал Ақын ауданы Еңбек ауылынанмын. Ол кісі 62-63 жылдары Новопокровка совхозында хатшы болып жүрді. Сонда Еңбек совхозына жиі келіп тұратын. Сол кезде жиналыстар далада өткізіліп тұратын.

Шараға қатысушылар естеліктермен бөлісіп қана қоймай, батырдың құрметіне арналған «Ұмытылмас бейне» атты кітап көрмесін тамашалады.

Алтынай Казиканова