COVID-19: Қазақстан

СҚО-да соңғы тәулікте COVID-19 дертін 15 адам жұқтырған

Дертке шалдыққандардың барлығында ауру белгілері анық байқалады. Науқастардың басым бөлігі, яғни 11-і – қала тұрғыны. 2 адам – Ақжар ауданынан. Қызылжар мен Аққайың аудандарында 1 жайттан анықталып отыр. Ал бүкіл ел бойынша COVID-19-ға өткен тәулікте 1800-ден астам адам шалдыққан. Дені – Алматы қаласының тұрғындары. Сонымен қатар, бүгінде коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау науқаны жүріп жатыр. Осы күнге дейін 57 мыңнан астам солтүстікқазақстандық екпенің бірінші компонентін алған. Ал, 20200-ден астамы екіншісін де қойдырған.

 

 

Алтынай Казиканова