Құқық қорғау органдары

СҚО-да ер адам өз әйелін мылтықпен атып өлтірді

Үйдің ішінде 14 жастағы немересі де болған екен. Жасөспірім басынан жарақаттанған. Қазір ауруханада. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының бас дәрігері Олег Завьяловтың айтуынша, жәбірленушінің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған екен.
Полиция қызметкерлері ерлі-зайыптылар ішімдікке тойып алып, сөзге келіспей қалған деп болжап отыр. Қатты ашуға булығып, қолын қанға былғаған 59 жастағы ер адам қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Бибігүл Қасенова – СҚО ПД тергеу басқармасының аға тергеушісі:

– Аталған факті ҚР ҚК 99-шы бабы 1-ші бөлігі «Адам өлтіру» және 99 баптың 2-ші бөлігіне сәйкес 1-ші, 14-ші тармақтарынан сәйкес «Кәмелет жасқа толмаған адамды өлтіруге оқталу» бойынша күдікті деп танылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті уақытқа ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

 

 

 

Маржан Касымбек