МТРА жаңалықтары

Өңірде егістік науқанына дайындық қызу жүруде

68,2 мың тонна дизель отыны, 10,8 мың тонна бензин және 3,2 мың тонна мотор майы. Үстіміздегі жылы көктемгі-дала жұмыстарын жүргізу үшін өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне дәл осыншама жанар-жағармай қажет.

Осы орайда Павлодар мен Атырау мұнай-химия зауыттарынан теріскей өңіріне 68 мың тоннадан астам арзандатылған дизель отыны қарастырылған екен. Оның жартысынан астамы наурыз-сәуір айларында жеткізілген. Қалған 31 мыңға тоннаға жуығы таяу арада әкелінуі тиіс. Жалпы, агроқұрылымдарға арналған дизель отынының бағасы 172 теңгені құрайды. Яғни, оның 1 литрі шамамен 20 теңгеге арзанға түсіп отыр. Сондай-ақ, жыл басынан бері өңірге еліміздің өзге аймақтары мен шетелден 22 мың тоннадан астам түрлі дақыл жеткізілген. Ал жергілікті жерде 102 мың тоннадан астам тұқым әзірленіпті.

 

Дана Ешкенова