МТРА жаңалықтары

Ұлы Отан соғысы ардагеріне құрмет көрсетілді

Ардагер Ленинградты жау қолынан босатуға қатысқан. Кенинсберг қаласы үшін де шайқасқа түскен. Елге тек 50-ші жылы оралады. Желілік полиция бөлімінде 30 жылдан астам уақыт қызмет етіпті. Александр Александрович бүгінде 97 жаста. Мейрамға орай Ұлттық ұлан Әскери институтының оркестрі ардагердің үйінің ауласында шағын концерт ұйымдастырды.

Александр Тищенко – Ұлы Отан соғысының ардагері:

– Ленинград қаласын жаудан азат ету кезінде фашистердің 4 бірдей ұшағын атып түсірген болатынмын. Ерлігім үшін Қызыл Жұлдыз ордені табысталды. Соғыста бірнеше рет ауыр жарақат алдым. Бірақ, әр уақытта елім мен жеріме деген кіршіксіз махаббатымның арқасында қатарға аз уақыттың ішінде қосылып, майданға қайта аттанатынмын. Қиын-қыстау заманның артта қалғанына – 76 жыл. Ата-бабаларының ерлігін естен шығармай, құрмет көрсетіп жатқан жастарға өте ризамын.

 

Маржан Касымбек