Құқық қорғау органдары

СҚО-да 2 бірдей жол-көлік апатынан 2 адам қаза тапты

Мотоблокты басқарған 39 жастағы ер адам екі көшенің қиылысында КАМАЗ-бен соқтығысып, көліктің астына кіріп кеткен. Салдарынан өзі және қасындағы жолаушысы жарақат алған. Өкінішке қарай, соңғысы ауруханада көз жұмды. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізуші масаң күйде болған. Факті сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне енгізілді. Ал екінші оқиға Петропавл-Нұр-Сұлтан тас жолында, Келлеровка селосының маңында болды.

Жеңіс Темірбеков – СҚО ПД анықтау басқармасы бастығының орынбасары:

– 2021 жылы 10 мамырда Deawoo ravon автокөлігін басқарған 1975 жылғы Ақмола облысының тұрғыны көшенің арғы бетіне шығып кетіп, “МАСС” маркалы көлікпен соқтығысты. Салдарынан Deawoo ravon жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды.

Эльмира Садвокасова