Құқық қорғау органдары

Полиция қызметкерлеріне «102» мобильдік қосымшасы арқылы 84 адам жүгінген

Полиция қызметкерлеріне «102» мобильдік қосымшасы арқылы ақпан айынан бері 84 солтүстікқазақстандық жүгінген.

Өтініштердің 70-тен астамы қабылданып, тиісті шаралар қолға алынған. Яғни, 71 оқиғақа қатысты айыпты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. 2 факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген. “102” мобильдік қосымшасы пилоттық жоба болып табылады. Оның көмегімен мәтін, фото, бейнежазба немесе аудио түрінде ақпарат жолдаған адамның аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы мен оқиға орны экранда автоматты түрде пайда болады. Кейін операторлар ақпарды бірден полицейлерге жолдайды.

Маржан Касымбек