660 адамға шақталған казарма, спортзал мен оқу-жаттығу орны. Петропавлдағы Әскери институт аумағында 3 жаңа корпус салынады. Нысандардың құрылыс жұмыстары бүгін бастау алды. Шаруа «Оңдасын строй» серіктестігіне сеніп тапсырылған. Құны 9 млрд теңгеден асатын жобаның жүзеге асырылу барысымен облыс әкімі Құмар Ақсақалов арнайы барып танысты.
Ұлттық ұланның Әскери институтында мыңнан астам курсант білім алады. Әскери оқу орнының былтыр 2 бірдей нысаны жөндеуден өткен. Курсанттар тамақтанатын асхана жаңартылып, ескі қойма оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуге бейімделіп жаңғыртылыпты.
Бауыржан Әбжанов – ҚР ҰҰ Әскери институтының бастығы:
– Перед вами находится тренажеры. Это – Урал. А, это – Камаз.
Ғимараттың мына бөлігінде заманауи атыс тирі орналасқан. Арнайы көздеу нысанасының орнына 3Д экран қолданылады. Автоматтың да түр-түрі бар.
Бауыржан Әбжанов – ҚР ҰҰ Әскери институтының бастығы:
– Бұрын курсанттар атыс жаттығуларын өткізу үшін полигонға, алысқа – бірнеше шақырым жерге баратын. Күн суытқанда дайындық жұмыстарын кейінге шегеруге тура келетін. Енді жігіттер қыста да, жазда да осында келіп, әскери дайындықтан өте алады.
Алдағы уақытта институттың дәл жанынан жаңа 3 корпус бой көтермек. Олар: оқу нысаны, спортзал мен 660 орындық казарма. 3 нысанның да құрылысы бүгін басталып кетті. Құрылысқа «Оңдасын строй» серіктестігі жауапты. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов құрылыс жұмыстарының бастау алуын байқады.
Бауыржан Әбжанов – ҚР ҰҰ Әскери институтының бастығы
– Здесь будет АКТ зал на 800 мест. Помимо этого будем размещать музей института и кофейня.
Дәл қазір институттың жанындағы бос орында 4 техника жүйіткіп жүр. 3 корпус орналасатын орын тегістеліп, құм аралас топырақ төгіліп жатыр.
– Из республиканского бюджета выделено 9,1 млрд теңге. На этот год 1 млрд тенге.
Одан бөлек, биыл институтта магистратура ашу жоспарланып отыр. Тиісті құжаттардың барлығы жинақталып, бейінді министрлікке жолданған. Өтінім мақұлданса, жоғарғы оқу орнына «академия» дәрежесі беріледі. 150-ден астам білікті маман тартылмақ.
Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Петропавл жастардың қаласы болуы керек. Ол үшін ең біріншіден универсиеттің материалдық техникасы жаңарады. Оған республикалық бюджеттен біраз ақша бөлінеді. Әскери институтта үлкен құрылыс басталды. 2 жылдың ішінде аяқталады.
Сондай-ақ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ-де де биыл 2 жатақхананың құрылысы бастау алмақ. Қос нысан 1200 адамға арналған.
Маржан Касымбек