Білім

“Мың бала” ұлттық олимпиадасының екінші кезеңі бастау алды

Ауыл мектептерінің 5-ші және 6-шы сынып оқушыларына арналған “Мың бала” ұлттық республикалық олимпиадасының екінші кезеңі бастау алды. I-ші кезең сәуірдің 2-сі мен 10-ы аралығында онлайн-форматта өткен болатын.

Алғашында өңірімізден білім додасына 4,5 мыңнан астам оқушы қатысуға ниет білдірген. Алайда, екінші кезеңге тек 167 ұл-қыз жолдама алыпты. Оның 35-і – былтырғы оқу жылының жеңімпаздары. Айта кетейік, олимпиаданың келесі кезеңі тиісті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отыра Петропавл, Тайынша қалаларында және Новоишим селосындағы “Ustudy” тестілеу орталықтарында офлайн режимде ұйымдастырылмақ.

Гүлмира Кәрімова – СҚО білім басқармасының басшысы:

– Олимпиада жеңімпаздары еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде: республикалық физика-математика мектебінде, арнайы «Білім-Инновация», «Дарын» мектептерінде және Елбасы академиясының birge oqý онлайн-мектебінде оқуға мүмкіндік алады.

Бердимурат Баймухан