Ауа райы

Мамыр айында сынап бағанасы +25 градусқа дейін көтерілмек

Ал, енді кезекті мамыр айына арналған ауа райы болжамына берейік.

Мамырдың басында сынап бағанасы +25 градусқа дейін жоғарылайды. Ортасына қарай түнде 0-5 ке дейін төмендейді деп күтілуде. Кейін, күндіз +23-28 градусқа жоғарылайды. Сондай-ақ, осы айда жаңбыр жауып, найзағай соғуы мүмкін.
Қазгидромет мамандарының айтуынша, мамырда жауын-шашынның айлық мөлшері нормадан асады. Ай бойы секундына 15-20 м-ге дейін жететін жел соғады деп болжануда.

Гүлзат Ғазизова – «Қазгидромет» РМК СҚОФ бөлім басшысы:

– Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде 10-15 градус жылыдан, 5-10 градус жылы, облыстың оңтүстік-батысында 13 градус жылыға, күндіз 23-28 градус жылыдан 17-22 градус жылыға дейін ауытқиды. Онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде 0-5 градус жылыға, күндіз 13-18 градус жылыға дейін төмендейді.

Алтынай Казиканова