Аптадағы маңызды жаңалықтар

Ақжар ауданының әкімі атқарылған жұмыс жөнінде есеп берді

Орталықтандырылған жылыту және ауыз су жүйелері жоқ. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бір жылдай тоқтап тұр. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Ақжар ауданының әкімі атқарылған жұмыс жөнінде есеп берді. Сондай-ақ, Қанат Қалиев алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобаларға тоқталып өтті.

Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы дамуда. Атап айтар болсақ, биылдан бастап Ақжар ауданында шунгит өндірісі қолға алынды. Жыл соңына дейін бұл материалдың 200 мың текше метрін шығару көзделіп отыр. Екі бірдей агроқұрылым асылтұқымды мал басын көбейтуге басымдық беруде. Австрия мен Ирландия елдерінен симментал мен абердин-ангус ірі қараларын әкелу басталып кетті. Су жаңа сүт-тауарлы ферманың да ауылы алыста емес. Бір кәсіпорын – үстіміздегі жылы, тағы біреуі келесі жылы салынады. Бос жатқан алқаптар мен жайылымдарды анықтау бойынша да жұмыс нәтижелі жүргізілуде.

Қанат Қалиев – Ақжар ауданының әкімі:

– 31 қожалық тексерілді. Бос жатқан жерлер анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл ақпарат салық басқармасына салықты 10 есе ұлғайту үшін жолданды. Мысалы, 2018 салықты 10 есе ұлғайтудың арқасында – 6 млн тг, 2019 – 23 млн тг, 2020-да 43 млн тг салық түсті. Бос жерді қайтадан қайтаруға итермелейді.

Алайда, ауданның әлеуметтік саласына келер болсақ, бірқатар проблема бар. Талшық ауылында орталықтандырылған су мен жылу жүйесі жоқ. Соңғысы жылыту маусымына дейін реттеледі. Қазір елді мекенде құны 399 млн теңге болатын қазандықтың құрылысы жүріп жатыр. Шаруаның басым бөлігі аяқталған, тек ішкі монтаждау жұмыстарын тәмамдап, трансформаторларды орнату қажет. Қазандыққа село бойынша 190-нан аса пәтер, 1 отбасылық жатақхана мен 14 әлеуметтік маңызы бар нысанды қосу жоспарланған. Ал ауыз су мәселесі де біртіндеп шешіліп жатқан сыңайлы.

Қанат Қалиев – Ақжар ауданының әкімі:

– Сырмалардың тозуына және кейбір жерлерде болмауына байланысты сумен қамтамасыз ету проблемасы бар. Бүгінде
былтыр 19 сырманы ауыстырдық, биыл бюджеттен 13 млн тг бөлініп отыр.

Жұмыс жоспарға сай жүргізілсе, Талшық тұрғындары орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмақ. Елді мекендіктер тіршілік көзімен бірге, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің қолданысқа тапсырылуын тағатсыздана күтуде. Ауылдағы ағайын нысанның қызығын өткен жылы көрулері тиіс еді. Спорт ғимаратының құрылысы 2019-дың тамызында бастау алған болатын. Бірақ, ауқымды іс жүктелген мердігер жауапсыздық танытып, шаруаны орта жолда тастап кеткен. Сондықтан, жергілікті әкімдік сот көмегіне жүгінді.

Қанат Қалиев – Ақжар ауданының әкімі:

– Борышкер әлі ешқандай жұмыс жасап жатқан жоқ. Сот орындаушысы мердігердің мүлкі мен материалдық іс-әрекеттеріне тыйым салды. Сондай-ақ, заңды тұлғаға қатысты тіркеуге және қайта тіркеуге, өзге де іс-әрекеттеріне тыйым салды. Барлығы сол мердігерге байланысты болады.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің таспасы нақты қашан қиылатыны әзірге белгісіз.