Мәдениет

“Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде көне қару-жарақ көрмесі бастау алды

“Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде көне қару-жарақ көрмесі бастау алды.

Көрермен назарына ұсынылған жәдігерлердің дені 16-18 ғасырларға тиесілі. Пышақ пен қылыштың түр-түрі, шоқпар, садақ, найза – батырға қажет бес қарудың барлығы осында. Жалпы, 20-дан астам экспонат паш етілген. Оның 5-еуі түпнұсқа болса, қалғаны көшірме болып саналады. Әрбірінің өзіндік тарихы мен ерекшілігі бар. Олардың көмегімен бабаларымыз ел қорғады, ұлан-ғайыр атырапты ұрпаққа аманат етті. Іс-шараның басты мақсаты – кейінгі буын өкілдеріне тәуелсіздіктің қалай келгенін ұғындыру, көне жәдігерлер жайлы баяндау.

Бауыржан Жүнісов – “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің бөлім жетекшісі:

– Биыл музей қоры қару-жарақ түрінде бес жәдігермен толықты. Оны бізге жергілікті шеберлер жасап берді. Қазақ халқы үшін бес қарудың орны әрқашанда бөлек болған. Себебі, ата-бабамыз осы қарудың көмегімен жерімізді қорғап, аңға шығып, отбасына азық тапқан.

Алдияр Айтпаев