Достық үйінде әйелдердің қоғамдағы рөлі жайлы айтылды

Әр түрлі

20:02 4 Мамыр 2021

Әйелдердің қоғамдағы рөлі. Бүгін Достық үйінде жергілікті белсенділер осы тақырып аясында дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырды. Кездесу барысында жиналған қауым жас қыздардың тәрбиесіне аса назар аудару қажеттігін айтты.

Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Қазіргі таңда отбасының ұйытқысын сақтап, сонымен қатар, ер адамдармен иық тірестіре қызмет етіп жүрген жандар жетіп артылады. Бүгінгі дөңгелек үстелде дәл осы тақырып, яғни, әйелдің қоғамдағы орны талқылануда. Жиналған қауымның айтуынша, жас қыздардың тәрбиесіне аса назар аударған жөн.

Бақытжан Сәмиева – СҚО әйелдер күштері альянсының төрайымы:

– Қазіргі заманда өмірімізде неше түрлі жағдайлар болып жатады. Жас қыздарды Сирияға әкетіп жатқандарды жаңалықтардан естиміз. Одан біздің жүрегіміз ауырамыз. Себебі, біз – анамыз, әжеміз.
Бүгін психологтар да келіп отыр. Әрбір сөзімізді қыздардың жүректеріне қондыруға тырысамыз. Қыздар оқып, қызмет ету керек деп ойлаймын.

«Ең бастысы – қыз бала өзін сыйлап, ата-анасын тыңдау керек. Себебі, ол – болашақ ана»,- дейді Бақытжан Сәмиева. Жиын барысында нәзікжандылардың ислам дініде алатын орны жайлы да сөз қозғалды. Кейбір ортада: «Әйел үйде отыру керек, ешбір жерде қызмет етпеу қажет деген ой қалыптасып қалған. Бұл – теріс пікір»,- дейді «Қызылжар» облыстық орталық мешітінің наиб имамы Тойбазар Айтуған. Сөзінше, дінімізде нәзікжандыларға жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Аяулы аналарға, қыз-келіншектерге құрмет көрсету – ортақ міндет.

Тойбазар Айтуған – «Қызылжар» облыстық орталық мешітінің наиб имамы:

– Қасиетті Құран Кәрімде «Ән-Ниса», яғни, “әйел” деген сүре бар. Сол сүреде әйелдердің орны белгіленген. Және ислам тарихында жәннәтпен сүйіншіленген аналарымыз бар. Оның ішінде Фатима, Хадиша аналарымыз және Иса пайғамбардың анасы – Мәриям, Ферғауынның әйелі болған – Әсия анамыз бар. Осы аналарымызға қарап, исламдағы әйелдің орны қандай екенін білуімізге болады.

Әйел адамның қоғамдағы рөлін бір кездесуде толық талқылау мүмкін емес. Осы орайда жиынға қатысушылар алдағы уақытта тағы да бас қосып, аталған тақырып төңірегінде әңгіме өрбітуді жоспарлап отыр.

Бердімұрат Баймұқан

Бұдан әрі оқыңыз

“Қызылжар су” серіктестігі өткен жылды қорытындылады
И.Шухов атындағы кітапханада ардагерлермен кездесу ұйымдастырылды
Жолаушы тасымалдаушыларға субсидия төленуі мүмкін
Мамырдың 2-сі күні православтар Пасха мерекесін атап өтеді
Петропавлда тұрғындардың тынышын алған пәтер жалдаушылар үйден қуылды
12 сәуір – Адамзаттың ғарышты бағындырған күні
Биыл Петропавл көшелеріне 1200 ағаш отырғызылады
Таулы Қарабақтағы қақтығысқа бітімгерлік миссиямен 30 солтүстікқазақстандық қатысқан
Ардагерлерге құрмет
Тыл еңбеккерлері құрметке бөленуде
Чернобыль апатының орын алғанына – 35 жыл
Тұтынушы құқығы – басты назарда