Облыстың қылмыстық-атқару жүйесінде 10-ға жуық ұлт өкілі еңбек етеді

Құқық қорғау органдары

22:44 30 Сәуір 2021

Бүгінде облыстың қылмыстық-атқару жүйесінде 10-ға жуық ұлт өкілі еңбек етеді. Солардың ішінде ағайынды ИванОвтар да бар. Евгений мен Григорий – чуваш ұлтының өкілдері. Екеуінің де міндеті – сотталғандар мен сот үкімін күтіп отырғандар арасында әлеуметтік-психологиялық жұмыс жүргізу.

 

Бүгінде елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілі берекелі бірлікте өмір сүріп жатыр. Олардың әрқайсысы түрлі саланың тізгінін ұстап, туған жеріне өзіндік пайдасын тигізуде. Мәселен, чуваш ұлтының өкілі Евгений Иванов – қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкері. Еңбек жолын 2010 жылы бастапты. Ал ЕС-164/3 мекемесіне 5 жыл бұрын ауысқан. Мұнда ол аяғын шалыс басып, жазасын өтеп жатқан жандарды түзу жолға бағыттау мақсатында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс жүргізеді.

Евгений Иванов – ЕС-164/3 мекемесінің бөлім бастығы:

– Менің міндетіме тәрбиелік шара өткізу және жасақ басшыларының жұмысын қадағалау кіреді. Қол астымда 18 қызметкер еңбек етуде. Оның 12-сі – жасақ жетекшісі. Солардың әрқайсысының жұмысын күнде бақылап отырамын. Жалпы, қызметім шыдамдылық пен зор жауапкершілікті талап етеді.

Евгений Иванов қызметінде талапшы болса, үйде – қамқор әке, үлгілі аға. Бұлай деуіміздің себебі – інісі Григорий де қылмыстық-атқару жүйесінде еңбек етеді. Оның бұл саланы таңдауына ағасы септігін тигізген екен. Бүгінде 31 жастағы азамат ЕС-164/1 мекемесінде жасақ жетекшісі болып жұмыс істейді. Тергеу изоляторында өз үкімдерін күтіп отырған жандармен психологиялық әңгімелесу жүргізеді. Яғни, темір тордан шыққалы жатқандардың қоршаған ортаға бейімделуіне көмектеседі екен.

Григорий Иванов – ЕС-164/1 мекемесінің жасақ бастығы:

– Әуелі мұнда сержант шенінде бақылаушы болып орналастым. Кейін басшылық ЕС-164/4 мекемесіне ауыстырды. Ол 2018 жылы жабылып, осы жерге қайта оралдым. Мұнда отырған жандар бір мәселе туындаса, бірден бізге жүгініп, көмек сұрайды. Бәріне барынша қолдау білдіруге тырысамыз. Және темір тордан шыққаннан кейін қателіктерін қайталамауы үшін алдын ала түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.

Жалпы, ағайынды Ивановтардың ата-анасы солтүстік өңірге Башқұртұстаннан 60-шы жылдары көшіп келіпті. Яғни, балалары осы жақта дүниеге келген. Өздері үшін қазақ жерінің өте ыстық екендігін айтады. Сөз соңында айта кетейік, облыстың қылмыстық-атқару жүйесінде 10-ға жуық ұлт өкілі еңбек етеді.

Алтынай Қазиқан

 

Бұдан әрі оқыңыз

СҚО-да 6 мыңнан аса адам алимент төлеуге міндеттелген
Петропавлда ірі көлемде заңсыз ішімдік сатқандар ұсталды
“Қазақстанның болашағы – жастардың қолында” атты дебат өтті
Петропавлда масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды
Масаң күйде көлік ұрлаған Бескөл тұрғыны ұсталды
Тайыншалық тұрғыннан 2 келіден аса есірткі тәркіленді
Синтетикалық есірткі жасалып келген зертхана анықталды
Өңір полицейлері түнде ұрлыққа түскен қарақшыларды ұстады
Интернет-алаяқтардың жаңа әдісі
Өңірдің құқық қорғау саласында цифрлы қызмет көрсету дамып келеді
Тұрғындар үй жануарларын серуендету ережесін сақтауы тиіс
Петропавлда көршісінің тынышын қашырған жігіт жауапкершілікке тартылды