COVID-19: Қазақстан

Жазасын өтеушілерге вакцина қойылып жатыр

Бүгін ЕС-164/6 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан әйелдерге коронавирусқа қарсы екпе қойылды.

Ең алдымен мамандар жазасын өтеп жатқан қыз-келіншектердің дене қызуы мен қан қысымын байқайды. Егер бір кінәрат табылып жатса, вакцина егу кейінге шегеріледі. Жалпы, өткен аптада түзету мекемесінде иммундау шарасынан 87 адам өткен. Ал бүгін 100-ге жуық қыз-келіншекке екпе салынған. Алдағы уақытта тағы 500-ден астам нәжікжанды вакцина қойдыртпақ.

Қаламқас Шагирова – СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің фельдшері:

– Бұның алдын екпе алғандарға «QazVac» қойылды. Ал бүгін «Спутник V» вакцинасы егілді. 21 күннен кейін екінші компонент қойылады. Ал екпе қойылмаған жандарды алдағы уақытта вакцинациядан өткіземіз.

Алдияр Айтпаев