Құқық қорғау органдары

Петропавл қаласында пара алған екі адам ұсталды

Облыс орталығында бір емес екі бірдей парақор ұсталды. Бірінші қылмыс Петропавл қалалық әкімдігінде орын алған.

Күдікке кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринАрия бөлімінің басшысы ілінді. Атқарушы билік өкілі мемлекеттік сатып алу аясында күзет агенттіктерінің бірімен орындалған жұмыс актісіне кедергісіз қол қойған. Аталған қызметі үшін 150 мың теңге сұратыпты. Алайда, каражатты қалтасына басып үлгермеген. Қазір бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Істің анық-қанығы кейін белгілі болмақ. Ал, екінші жайт Әскери институт қабырғасында тіркелді.

Нұрлан Жахин – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:


–  Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін ҚР ҰҰ ӘИ батальонының командирі әшкереленді. Ол Әскери институт басшылығы тарапынан белгіленген тыйымға қарамастан, қарамағындағы қызметкерден гарнизон шегінен шығуға рұқсат бергені үшін 30 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібінде ұсталып, Петропавл қаласының УҰИ-не қамалды.

Эльмира Садвокасова