ЭкологияӘр түрлі

Биыл Петропавл көшелеріне 1200 ағаш отырғызылады

Петропавлда жасыл желек / әрі көшет, әрі ағаш күйінде отырғызылып жатыр. Жас өскіндер / 14 мың шақырым жерге егілсе, бой көтеріп қалған – 3 жылдық қарағайлардың / 1200 данасы отырғызылмақ.

 

Көгалдандыру жұмыстары Пушкин көшесі бойында орналасқан облыстық көпбейінді аурухананың маңынан басталды. Мұнда мамандар көшет емес, кәдімгі ағаш отырғызуда. Ерекшелігі сол, 20 жасыл желек арнайы техниканың көмегімен егіледі. Бұндай әдіспен отырғызылған ағаштың тамырына зақым келмейді әрі топыраққа тез сіңісіп кетеді екен.

Айдар Қасенов – «Қасенов» ЖК басшысы:

– “OPTIMAL-2000” деп аталатын техниканың көмегімен жас ағаштардың орнын ауыстыруға болады. Шаруаны атқару барысында жасыл желектің ең маңызды деген тамырларына зақым келмейді. Отырғызылған күннің өзінде-ақ жаңа орынға бейімделіп, өсе береді. Жалпы, мұндай техника қала бойынша 1-еу ғана.

Айналаның көгалданып, қала көркі одан да ажарланып жатқанына тұрғындар дән риза.

–  Өте жақсы. Қала жақсарып келе жатыр. Пайдалы. Ауа райын тазартып тұрады.

– Үлкен ағаштардың астында отырған кезде қорқасың. Үстіңе түсіп кете ме деп. Мыналардың бәрін ақырындап алу керек.

Пушкин көшесінен бөлек, Сәтпаев, Ғ.Мүсірепов, Уәлиханов және Батыр Баян көшелері. Қазір мамандар облыс орталығында барлығы – 35 көшеге ағаш отырғызуда.

Әсем Айтолла – қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Қаланы көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Шаруа сәуір айында басталды. Мамырдың соңына дейін жалғасады.  Одан бөлек, биыл ағаштарды тексеру үшін арнайы мамандар шақыртылды. Олардың зерттеуіне сәйкес, қаладағы кей ағаштар кесіледі.

Қарағай, шырша, терек, қайың. Биыл Петропавл көшелеріне 1200 ағаш отырғызылады. Сондай-ақ, 14 мың шақырым жерге көшет егіледі. Бүгінде аталған шаруаның 30 пайызы атқарылған.

Маржан Қасымбек