Аптадағы маңызды жаңалықтар

Береке ықшам ауданында көпқабатты 6 үйдің құрылысы жүріп жатыр

Петропавлдың Береке ықшам ауданында 5 қабатты  6 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Алтауы да “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында салынуда. Баспаналардың әрқайсысы – 100 пәтерлі. Нысандардың құрылысы жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Кейін  пәтерлер  жергілікті әкімдікте баспана кезегінде тұрған азаматтарға беріледі.

 

Береке ықшам ауданындағы 6 үйдің бірін жергілікті “Құрылыс Сервис СК” серіктестігі тұрғызуда. Кәсіпорын өкілдері жауапты істі 2020-ның қараша айында бастапты. Жоспар бойынша ғимарат үстіміздегі жылдың соңында халық игілігіне тапсырылуы тиіс.

Мурат Харсиев – “Құрылыс Сервис СК” ЖШС құрылтайшысы:

– Жобаның іске асырылуына жергілікті қазынадан 1 млрд 25 млн теңге бағытталған. Үй 100 пәтерлі болады. Оның 35-і 1 және 2 бөлмелі. Қалғаны – 3 бөлмелі. 1 бөлмелі баспананың аумағы – 38, 2 бөлмелінікі – 60, 3 бөлмелісі 70 шаршы метрді құрамақ.


Құрылысқа қажетті материалдың барлығы отандық компаниялардан сатып алынады. Яғни, сырттан материал әкелінбейді. Қазіргі таңда нысанды 45 адам салып жатыр. Жақында олардың қатары павлодарлық 12 кірпіш қалаушымен толығады. “Нәтижесінде іске қарқын қосылады”,- дейді учаске басшысы Алтай Қанапиянов.

Алтай Қанапиянов – “Құрылыс Сервис СК” ЖШС учаске басшысы:

– Қазіргі таңда үйдің іргетасы мен бірінші қабаты қаланды. Енді екінші қабатына көштік. 2/47 Жұмыс қызу жүруде. Керекті заттардың барлығы бар. Жұмысшылар тарапынан да ешқандай шағым жоқ. Жалақыларын уақытылы алады. Күнде жаңадан жұмысшылар келіп қосылады. Менің учаскемдегі үйді уақытылы бітіру үшін 70 жұмысшы керек болады.

Бұл үйлердің барлығы “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатыр. Жоспар бойынша жыл соңына дейін қолданысқа тапсырылмақ.

Алдияр Айтпаев