МТРА жаңалықтары

Жергілікті университет студенттері ҰОС ескерткіштерінің аумағын қоқыстан тазартуда

Біздің есімізде! Біз мақтан тұтамыз! Осындай ұранмен жергілікті жоғарғы оқу орнының студенттері мен оқытушылары сенбілік өткізді. М.Қозыбаев атындағы СҚ университетінің өкілдері бұл жолы ескі зиратта орналасқан ҰОС ескерткіштерінің маңын жинастырды.

 

Өткен күзден бері жатқан жапырақты сыпырып, қоқыстан тазалады. Мұнда қан майдан кезінде ауыр жарақат алып, Петропавлдағы эвакогоспитальде көз жұмған майдангерлер жерленген. Туған жер мен ел үшін қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлердің есімдері тақтада жазылған. Мұндай сенбіліктерді студенттер мен оқытушылар Ұлы Жеңіс күніне дейін өзге де ескерткіштердің маңында өткізбек.

Шынар Шақанова, М.Қозыбаев атындағы СҚУ аға оқытушысы:

– Біздің студенттеріміз қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Жыл бойы жастар ардагерлер мен жалғызілікті қарттарға көмекке келуде. “Nur Otan” партиясымен бірігіп әр сенбі сайын тазалық шараларын ұйымдастырамыз.