Бизнес және экономика

СҚО-да көкөніс қымбаттады

Солтүстік Қазақстан облысында көкөніс қымбаттады! Сала өкілдері мұны кезекті маусыммен байланыстырып отыр.

Қазіргі уақытта өңірге қымбат тауарлар оңтүстік аймақтардан жеткізіліп жатыр. Бұл жергілікті жерде де азық-түлік бағасының көтерілуіне әсер етіп отыр. Нақтырақ айтсақ, картоп, сәбіз бен пияз қымбаттаған. Жағдай қашан тұрақталады? Бұл сұраққа Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Фархат Ибраев жауап беруге тырысты. Оның сөзінше көкөністің құны жергілікті диқандар өз өнімдерін өсіріп, саудаға шығарған кезде төмендемек.

Фархат Ибраев – СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:


–  Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тексеріп, күнде мониторинг жүргіземіз. Бүгінде “Якорская” құс фабрикасы 1-ші категориядағы жұмыртқаларының 10 данасы 340 теңгені құрайды. “Алекри” серіктестігі өнімдерінің бағасы да осы шамада. Күнбағыс майының бір құтысы алдағы уақытта 555 теңгеден сатылмақ. Қабылданған тиісті шаралар әлеуметтік маңызы бар кейбір азық-түлік түрлерінің бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

 

Байболат Култанов