Әр түрлі

Мамырдың 2-сі күні православтар Пасха мерекесін атап өтеді

Православ сеніміндегі христандар таяу арада Пасха мерекесін атап өтеді.

Иисус Христостың «қайта тірілуінің нұрлы мерекесі» деп қабылданған діни мейрам 40 күн ауыз бекітуден кейін болады. Биыл мейрамды жергілікті православтар мамырдың алғашқы жексенбісінде, яғни, 1-інен 2-сіне қараған түні қарсы алмақ. Бірақ, пандемияға байланысты жұртшылық шіркеуде жиылмайды. Биыл да әрқайсысы үйлерінде болып, қасиетті мерекені жақындарымен бірге атап өтпек.

Владимир – Петропавл және Булаев епархиясының епископы:

– Барша православтықтарды келе жатқан Пасха мейрамымен құттықтаймын. Осымен екінші жыл қатарынан пасхалдық түнде шіркеуге келуге рұқсат етілмейді. Мұндай шектеу облыстағы эпидахуалдың ушығып кетпеуі үшін жасалып отыр. Сол себепті, тұрғындарды діни мерекені үйде дұға тілеп, жақындарыңызбен қарсы алуға шақырамын.

 

Дана Ешкенова