Құқық қорғау органдары

Петропавлда масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Петропавлда масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды. Тәртіп сақшылары тәртіп бұзған адамды «Мас жүргізуші» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында құрықтады.

Рөлде отырған адам – Қызылжар ауданының 36 жастағы тұрғыны.
Оның жанында болған жолаушы да ішімдік ішіп алған. Полицейлер қос ер адамға медициналық тексерістен өту қажеттігін айтады. Бірақ, әлгі жолаушы талапқа бағынбай, тәртіп сақшыларына қарсылық таныта бастайды. Ақыры болмаған соң тәртіп сақшылары оларды күштеп көндіреді. Тексерістен кейін екеуінің де орташа деңгейде мас екендіктері анықталды. Жолаушы заңға бағынбағаны үшін әкімшілік қамауға алынды. Ал, жүргізушіге қатысты хаттама толтырылды. Еске сала кетейік, ішімдік ішіп рөлге отырған адам 15 тәулік қамауға алынады және 7 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылады.