COVID-19: Қазақстан

Қазақстанда 42 мыңнан астам адам коронавирустан емделуде

Қазақстанда 42 мыңнан астам адам коронавирустан емделуде.

Оның 15 мыңнан астамы – стационарларда, ал қалғаны амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 769 адамның жағдайы ауыр, 180 науқас – хал үстінде. Айта кетейік, өткен тәулікте қауіпті індетті 2300-ге жуық қазақстандық жұқтырып алған. Дертке шалдыққандардың басым бөлігі – оңтүстік астананың тұрғындары. Алматыда 690 жағдай анықталып отыр. Нұр-Сұлтанда – 300. Ал Солтүстік Қазақстан облысында бір тәулікте 26 жағдай анықталған.

Эльмира Садвокасова