Білім

Бірлік – көптүрлілікте

Бірлік – көптүрлілікте! Осындай атаумен №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай workshop ұйымдастырылды.

Шеберлік сағатына Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері мен ұстаздар қатысты. Қатысушылар өскелең ұрпақтың этномәдени бірегейлігін, әлеуметтік жауапкершілігін дамыту жайында сөз қозғады, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, жиында түрлі ұлт өкілінің басын қосқан білім беру мекемесінде осы бағытта қандай жұмыс жасалып жатқандығын тілге тиек етті. Бүгінде оқу орнында 9 бірдей ұлттық бөлім жұмыс істейді. Арнайы үйірмелерде оқушылар өз ұлтының ғана емес, өзге де этностардың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен жіті танысады. Мектепте факультативтік сабақтар да өтеді. Онда ұл-қыздар қолөнермен айналысады. Яғни, ұлттық киімдер тігеді, аспаптар жасайды. Людмила Милютина №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің қазақ бөліміне жетекшілік етеді. Оның тобында қазақ, орыс, татар, кәріс, неміс, поляк, армян ұлтының балалары тәлім алады. Айтуынша, жастардың қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген қызығушылығы зор.