Бизнес және экономика

JÝSAN Bank-тің облыстық филиалында ашық есік күні өтті

Пайызсыз, комиссиясыз және артық төлемсіз. JÝSAN Bank-тің картасы арқылы 1 млн теңге дейін ақша алып, кез келген тауарды бөліп төлеуге болады. Тұрғындар қарызды 1 жыл ішінде қайтаруға мүмкіндіктері бар. Одан бөлек, қазір экспресс-кредит немесе несиені кепілсіз рәсімдеуге де сұраныс жоғары екен.

 

Сенбі, таңғы сағат 9. Демалыс күні JÝSAN Bank-тің жергілікті филиалына келушілердің саны әдеттегіден 2 есе көп болады екен. Бүгін мұндағы қызметкерлер тұрғындарды ерекше көңіл күймен қарсы алу үшін алдын ала әзірленіпті, тіпті, шағын дастархан да жайып қойыпты. Есіктің ашылғаны сол еді көп ұзамай нысан іші адамдарға толып кетті.

Жұмагүл Әлімбаева – Бескөл ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

 

– Жалақымды Бескөлден кейде қалаға келіп аламын. Бұрын Цесна болған, қазір – JÝSAN Bank. 10 жылдан бері осында жүгінем. Мамандар жақсы қарсы алады. Қандай сұрақ болса да жауап беруге дайын.

 

Алла Муратова – қала тұрғыны:

– Мұнда көрсетілетін қызметтің барлық түрін қолданамын. Коммуналдық қарыздарды да осы банктің картасымен төлеймін. Өте ыңғайлы. Түсінбей жатқан жерім болса, бірден менеджерлерге жүгінем. Олар маған барлығын жіті түсіндіріп береді.

Жылдам әрі қолайлы. Солтүстікқазақстандықтардың басым бөлігі кез келген тауардың құнын бөліп төлеуге арналған карта қызықтыратын көрінеді.

Бұл картаны ашудың екі жолы бар. Оған онлайн тапсырыс беруге болады. Қашықтан рәсімделген дүниені мамандар есігіңіздің алдына дейін тегін жеткізіп береді. Ал барып ашамын, менеджерлердің кеңесін аламын дегендер банктің филиалына келіп, “Картомат” құрылғысын қолдана алады. Заман игілігі қажетті картаны сүт пісірім уақытта жасап береді.

Мерей Ерғали – “JÝSAN Bank” АҚ СҚОФ бөлім маманы:


–  Мұндай карта арқылы тауарды дүкеннен бөліп төлеу арқылы ала аласыздар. Карта тегін шығарылады. 2 жыл бойы тегін қолдана аласыздар. 3-ші жылдан бастап 50 теңге айынына төлеп отырасыздар. Жылына – 600 теңге.

Бөліп төлеуге арналған картаның көмегімен 20 мың мен 1 млн теңге ақша алып, оны дүние-мүлік сатып алу кезінде қолдануға болады. Қарызды 3 пен 12 айдың аралығында қайтару қажет. Тағы бір қызмет түрі экспресс-кредит деп аталады.

Мерей Ерғали – “JÝSAN Bank” АҚ СҚОФ бөлім маманы:

– Экспресс-кредитті онлайн рәсімдей аласыздар. 6 млн теңгені 60 айға алуға болады. Әр ай төлем жасаған кезде сол сомадан 1 пайыз кэшбэк түсіп тұрады.

Одан бөлек, тұрғындар 6 млн теңгеге дейін кепілсіз несие рәсімдей алады. Берешекті 5 жыл ішінде қайтару қажет екен. Бұл ақшаны да онлайн режимде рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған. Тағы айта кету қажет, егер бұған дейін екінші деңгейлі өзге банктен қарыз алған болсаңыз,”JÝSAN Bank” мобильді қосымшасының көмегімен төлем жасауға болады.

Маржан Қасымбек