Мәдениет

Самал Есләмованың кезекті жеңісі

Солтүстікқазақстандықтар үшін сүйінші жаңалық. Талантты жерлес актриса Самал Есләмова ресейлік “Ника” премиясының нұсқасы бойынша 2019-шы жылдың “Ең үздік актрисасы” атанды.

Жүлдеге әртіс / режиссер Сергей Дворцевойдың “Айка” фильмінде басты рөлді шебер сомдағаны үшін қол жеткізіп отыр. Марапатты табыстау рәсімі былтыр пандемияға байланысты кейін шегеріліп, кеше өткізілген. Аққайың ауданының тумасы Самал Есләмованы кезекті жеңісімен облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтап, өнерін жоғары бағалады.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– “Үздік әйел рөлі” номинациясындағы жеңіс – Самал Есләмованың актерлік шеберлігінің тағы бір мойындалуы. Мен Самалды кезекті жүлдесімен құттықтаймын және жаңа шығармашылық биіктерді бағындыруын тілеймін.

Эльмира Садвокасова