МТРА жаңалықтарыЭкология

Кәсіподақ қозғалысы ардагерлерінің аллеясы 11 шыршамен толықты

28 сәуір — “Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні”. Атаулы датаға орай Петропавлдағы кәсіподақ қозғалысы ардагерлерінің аллеясында игі іс-шара өтті. Жерлестеріміз аумақты жинап қана қоймай, демалыс орнына
11 сібір шыршасының көшетін отырғызды. Акцияға Парламент Мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген мен облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов қатысты.

Қаламыздағы Тұңғыш Президент саябағында “Кәсіподақ қозғалысы ардагерлерінің аллеясы” осыдан екі жыл бұрын ашылды. Содан бері бұл жерге солтүстікқазақстандықтар көшет отырғызып, айналаны құлпырта түсуде. Игі дәстүр жақында жалғасын тапты. Абаттандыру жұмысына облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов пен Парламент Мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысуда.

Ержан Құдайберген – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бүгін маған осы аллеяда көшет отырғызу бұйырды. Енді бұл шырша ғасырлар бойы өсіп, осындағы тұрғындарды қуантады деген ойдамын.

Соңғы 2 жыл ішінде 1,5 млн теңгеден астам қаражат бөлініп, аллеяға 75 шырша көшеті отырғызылыпты. Жасыл желек жайқалып өсіп келеді. Бүгінде бұл жерде шыршадан бөлек, айналаға ерекше көрік берер қайың мен терек ағаштары да бар.

Береке Шөпенова – СҚО “Пошта байланысы жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы” ҚБ мүшесі:

– Өзіміздің елімізді көгалдандырып, ауаны тазартып, осындай игі істерге жиі қатысып отыру қажет. 4,06/ Бүгін кәсіподақтың барлық салалары қатысты. Өз үлестерін қосып жатыр.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жақында аллеяға тағы 30 сібір шыршасын отырғызу жоспарланған.

Дана Ешкенова