Құқық қорғау органдары

Интернет-алаяқтардың жаңа әдісі

Абайлаңыз, алаяқтар! Айлакерлер тұрғындарды жаңа әдіс арқылы алдауға көшті. Құқық қорғаушылардың сөзінше, олар адамдарға түрлі сылтау айтып, қаржы операцияларын онлайн түрде жүргізуге көмектесетін бағдарламаны жүктетеді. Кейін қолдарына қажетті деректерді түсіріп, арам ойларын жүзеге асырады. Сан соғып қалмау үшін жергілікті тәртіп сақшылары қаламызда рейд өткізде.

Жергілікті полицейлер профилактикалық шараны адамдар көп шоғырланатын орындарда өткізуде. Бұл жолы орталық көшелердегі сауда үйлері мен Береке және 20-шы ықшам аудандары таңдалыпты. Мамандар аталған жерлерде тұрғындармен тілдесіп, интернет-алаяқтардан сақтану жолдары жазылған жадынама қағаздар таратуда. Қастарында «Қамқор» еріктілер ұйымының жастарын да бар.

– Чтобы было понятней, вот, листовки напечатали, будем каждому, кто приходит, раздавать.

Айта кетейік, жақында өңірде 1 күннің ішінде 6 бірдей интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Оның екеуінде белгісіз біреулер өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, арам ойларын іске асырған екен. Ал, қалғаны тұрғындардан тауарға немесе белгілі бір қызмет үшін алдын ала төлем жасатқан. Тағы бірінде пысықайлар адамдардың жеке деректерін сұрастырып, микроқаржы ұйымынан несие рәсімдеген.

Данияр Ғалиақпаров – СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:

– Интернет-алаяқтардың құрбаны болмау үшін дербес деректерді, пин-кодтарды, карталардың кодтарын, нөмірлерін, әлеуметтік желілердегі логиндарды мен парольдерді ешкімге айтпау керек. Сондай-ақ, сайттардағы хабарламаларды мұқият тексеріп, алдын ала төлем жасамаңыздар. Сатылатын өнімге егжей-тегжейлі бейнешолу жасау қажет.

Соңғы кездері айлакерлер тұрғындарды алаяқтықтың жаңа әдісі арқылы сан соқтырып жүрген көрінеді. Мамандардың сөзінше, олар адамдарға түрлі сылтау айтып, қаржы операцияларын онлайн түрде жүргізуге көмектесетін бағдарламаны жүктеп алуға шақырады. Оған тіркелгеннен кейін белгілі бір тұлғаның жеке деректері бәзбіреулердің қолына түседі екен.

Андрей Акопян – СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:

– Алаяқтар бағдарламаны жүктеп алуды талап етеді. Тіркелуден кейін өздері оған қосылып, адамдардың жеке деректеріне қол жеткізеді. Содан соң түрлі қаржы операцияларын іске асырады. Сақ болу үшін ешкіммен құжаттардың, банк карталарының, тіпті, чектердің суреттерімен
бөліспек керек.

Жалпы, қаңтар-наурыз аралығында облыс аумағында 211 интернет-алаяқтық фактісі тіркеліпті.

Алтынай Казиканова