ТЖСу тасқыны

1 мыңға жуық саяжайды су басты

Күн жылып, қар көбесі сөгілгелі бері өңірдегі облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды 12 мәрте су шайған.

Қазіргі күні 11 учаскеде жағдай тұрақталыпты. Тек 1 жерде судың беті қайтар емес. Өткен сенбі күні Есіл өзені деңгейінен көтеріліп, республикалық маңызы бар «Челябі-Новосібір» автожолына жайылған. Бұл оқиға Петропавл қаласындағы Заречный кентінің тұсында орын алыпты. Бүгінде мұндағы тасқын басқан аралық – 85, ал судың тереңді 40 см құрайды. Қуанышымызға орай, бүгінгі күнге дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы елді мекендер мен тұрғын үйлерді су басу фактісі тіркелмеді. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары болса өңірдегі өзен-көлдерде тәулік бойы мониторинг жүргізуде.

Сәкен Ағзамов – СҚО ТЖД бөлім бастығы:

 

– Бүгінгі күнге дейін қаладағы 1 мыңға жуық саяжайды су басты. Біз ол жақта тұрып жатқан адамдардың барлығын эвакуацияладық. Тұрғындардың бәрі де дін аман. Одан бөлек 31 саяжай қауымдастығын су басу қауіпі бар. Қазір оларда ешкім тұрып жатқан жоқ. Жерлестерімізге су басу қаупі жоғары маусым аяқталғанға дейін жазғы үйлеріне бармауға кеңес береміз. Сондай-ақ, бүгінде балық аулауды да тоқтата тұру қажет.

Роман Гиричев – «Қазгидромет» РМК СҚОФ инженері:

 

– Облыстағы шағын өзендердегі су деңгейі 12-15-ші сәуір аралығында күрт көтерілді. Қазіргі күні олардағы тіршілік көзінің деңгейі төмендеп келеді. Ал, Петропавл аумағындағы судың көлемі керісінше артуда. Таңғы сағат 8-де гидротораптағы көрсеткіш 1 метр болды. Яғни, 1 тәуліктің ішінде 18 см-ге жоғарылады. Шаһардағы су тасқынының шарықтау шегі 27-30-шы сәуір аралығында тіркеледі деп күтілуде.

 

Бердимурат Баймухан