Ұлы Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі

МТРА жаңалықтары

1:09 24 Сәуір 2021

Ұлы Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында / солтүстікқазақстандық майдангерлерге 1 млн теңгеден табыс етіледі. Ал тыл еңбеккерлеріне 15 және 30 мың теңге көлемінде жәрдемақы беріледі. Сонымен қатар, Петропавлда қайырымдылық сенбілігі өткізіледі. Қала тұрғындарының 1 күндік жалақысының 50 пайызы ардагерлерге арналмақ.

Отан үшін от кешкен соғыс ардегерлеріне қанша алғыс айтсақ та аздық етеді. Дәл осы жандардың арқасында қазір аспанымыз ашық, бақытты ғұмыр кешудеміз. Кеңес жауынгерлерінің фашистерді жермен-жексен етіп, Жеңіс туын көтергеніне биыл 76 жыл толады. Өкінішке қарай, ұлы күнді ұрпақтарымен бірге қарсы алу бүгінде 27 майдангерге ғана нәсіп етіпті. Ардагерлердің 22-сі қалада тұрады. Қалғандары – Қызылжар, Есіл, Мамлют және Тайынша аудандарының тұрғындары. Олардың ең жасы 95 жаста болса, үлкені биыл 101-ге толады екен. 9-шы мамыр қарсаңында ардагерлердің барлығына 1 млн теңгенің бірреттік сыйақысы табыс етіледі. Тыл еңбеккерлеріне 15 мың мен 30 мың теңге көлемінде бірреттік жәрдемақы беріледі.

Ескендір Елеусізов – облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Тағы да бір айта кететін жағдай, Ленинград блокадасына қатысқан жандарға 60 мың беріледі. Концлагерьде болғандарға 100 мыңнан табыс етіледі. Соғыс ардагерлерінің жесіріне, егер тұрмысқа шықпаған болса 30 мың төленеді. Бұндай адамдардың саны 258 екен.

Карантинге байланысты Ұлы Жеңіс күнін бұрынғыдай дүркіретіп тойлай алмаймыз. Десе де, жерлестеріміз ардагерлерге арнап тосынсый әзірлеп жатқан көрінеді. Қоғам белсенділері мен өнер майталмандары 9-ші мамырда әр майдангердің үйінің маңында шағын концерт ұйымдастырмақ. Сондай-ақ, қалада қайырымдылық сенбілігі өткізіледі. Қала тұрғындарының біркүндік жалақысының 50 пайызы майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне арналмақ.

Ескендір Елеусізов – облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Ол қайда кетеді? Кімнің қалтасында түседі деген сұрақтар жиі түсіп жатыр. Бәріміз бір елде тұрып жатқаннан соң бір-бірімізге көмек көрсету керекпіз. Түскен ақшаның барлығы ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің мұң-мұқтажына жұмсалады.

Жәрдемақы мен қайырымдылық сенбіліктен түскен қаражат ардагерлердің есепшотына мамырдың 9-ына дейін аударылады.

Маржан Қасымбек

Бұдан әрі оқыңыз

БЖЗҚ-дан шекті соманы мыңнан аса солтүстікқазақстандық шешіп алды
Парақорлар квазимемлекеттік мекемелерде де қызмет ете алмайды
Аққайың ауданында жанар-жағармай ұрлау фактісі тіркелді
Көшбасшы партияға қарасты қоғамдық кеңестер құрылды
Шамадан тыс жүк артқан көлік иелеріне қатысты 17 хаттама толтырылған
Әйелдерге арналған “Ұмай” атты ипотекалық бағдарлама іске қосылды
СҚО-да балықтардың уылдырық шашу маусымы басталды
Ақмола облысынан судың алғашқы толқыны келе жатыр
Жастар ардагерлердің өсиеттерін тыңдады
Әскери-техникалық мектеп сарбаздары ант қабылдады
Полиция департаментіне заңсыз сақталған 23 қару тапсырылды
СҚО тағы да «сары» аймақта