Салық басқармасы

Шағын кәсіпкерлік иелері «тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат» рәсімдемейді

Өткен жылдың соңында елімізде жаңа пилоттық жоба іске қосылған болатын. Яғни, шетелден әкелінген заттардың кейбіреуіне кәсіпкерлер «тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат» ресімдеуі қажет.

Арнайы қағазда тауардың қайдан шыққаны, оның сипаттамасы мен сертификаты сияқты анықтамалар жазылуы тиіс. Мамандардың айтуынша бұл саудаланып жатқан дүние туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Осының аясында жақында заңнамаға өзгерістер енгізілген болатын. Бүгін қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары бұған қатысты нақты жауап берді.

Жібек Күлікова – Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы:

– Шағын кәсіп субъектілері мен үй маңындағы дүкен иелеріне тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатты ресімдеудің қажеті жоқ. Қарапайым декларация бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлердің барлығы бұл міндеттен босатылған. Аталған құжатты тек тауар өндіруші немесе оны жеткізуші және үлкен қойма иелері ғана растаулары қажет.

Эльмира Садвокасова