Әр түрлі

Петропавлда жиһаздар дүкені жұмысын бастады

Сапалы тауарлар қолжетімді бағамЕн. Петропавлда «ZETA» дүкені жұмысын бастады. Шухов көшесі, 14 мекен жайында орналасқан су жаңа сауда орнының ішінде тауардың түрі көп. Ыдыс-аяқ, кеңсе мен үйге арналған жиһаздардан бастап бақшаға арналған дүниелерге дейін осы жерде орын тапқан.

 

Ыдыс-аяқтан бастап жұмсақ жиһазға дейін. Енді кеңсе мен үйге қажетті тауарларды сатып алу үшін сан түрлі сауда орындарын аралап, алысқа барудың қажеті жоқ. Олардың барлығын сіз қаланың 20-шы ықшам ауданында орналасқан су жаңа ZETA дүкенінен таба аласыз. Сауда нүктесі шаһар тұрғындары мен қонақтарына таяуда ғана есігін айқара ашты.

Виктория Швецова, «ZETA Trade» ЖШС қойма меңгерушісі:

– Бұрын қала бойынша біздің 2 дүкеніміз болды. Бір нысанның іші тар еді. Жақында оны жауып, осы жерден жаңа сауда орнын аштық. Біздегі дүниелердің басым бөлігі – отандық. Дені – пластиктен жасалған бұйымдар, ағаш жиһаздар мен жұмсақ орындықтар. Жалпы, филиалымыз 5 зауытпен әріптестік орнатқан. Өндіріс ошақтары Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында орналасқан. Тауарлардың барлығын сол жақтан әкелеміз.

Петропавлдағы су жаңа сауда орны Шухов көшесі, 14 мекен-жайы бойынша орналасқан. Дүкеннің іші кең. Мұнда түрлі жиһаз, ыдыс-аяқ, бақшаға арналған заттар бар. Сатып алушыларға бірқатар мүмкіндік те қарастырылған.

Ольга Костюк – «ZETA Trade» ЖШС директоры:

– Біздің дүкенде заттарды тапсырыс беріп те алуға болады. Менеджерлеріміз бұйымның түсі, материалы мен жиынтықтарын таңдауға көмектеседі. Сондай-ақ, осы жерден кеңселік орындықтарға арналған қосалқы бөлшектерді де сатып алуға болады. Сынып қалған дүниеңіз болса, оны дүкенге әкеліп, жөндете аласыз. Біз клиенттерімізді қарсы алуға әр уақытта дайынбыз.

Дүкеннің таспасы қиылған күні жол-жөнекей кіріп, сауда жасап жатқан жандар көп болды. Сатып алушылар мұндағы тауарлардың бағасы мен сапасына көңілдері толатындықтарын жеткізуде. Айтуларынша, бұл жерден құр қол шығу мүмкін емес.

–  Үйіміздің маңында осындай дүкен ашылып жатқанына қуаныштымын. Енді осы жерге жиі келетін боламын.

– Бұл жерде тұрмысқа қажетті заттардың барлығы бар екен. Былғарыдан жасалған жиһаздар өте әдемі көрінеді. Бағалары да қолжетімді.

Тұрғындардың құлағына алтын сырға! Қазір «ZETA» дүкенінде түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Яғни, осы күндері сатып алушылар сауда нүктесіне барып, қажетті заттарды арзандытылған бағамен ала алады. Айта кетейік, «ZETA Trade» компаниясы Қазақстанда 1996 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Компанияның ел бойынша 23 филиалы бар. Олардың барлығы халық арасында қолжетімді және сапалы тауарларымен танымал.

Алтынай Казиканова