Білім

Биыл ҰБТ электронды форматта өтеді

Оқу жылының аяқталуына шамамен 1 айдай ғана уақыт қалды. Алда мектеп тәмамдайтын түлектерді Ұлттық бірыңғай тестілеу күтіп тұр. Білім саласы өкілдерінің айтуынша, биыл шешуші емтихан электронды форматта өтеді.

Тестілеудің жалпы уақыты 240 минутты құрамақ. Үстіміздегі жылдағы маңызды сынақ кезінде оқушылар үшін қысқа үзілістер ұйымдастырылмақ. Мәселен, тестілеудің 60 минуты өткеннен кейін көзге және дене жаттығуларына арналған 2 минуттық үзіліс беріледі. Ал емтиханның 120 минуты өткеннен кейін болашақ талапкерлердің ой сергітіп алулары үшін 15 минут қарастырылмақ.

Жанар Жабағина – Петропавл қаласы “Ұлттық тестілеу” орталығы филиалының жетекшісі:
– Сұрақтардың саны – 120, балдардың саны – 140. Яғни, оқу сауаттылынан – 20, Қазақстан тарихы мен математикалық сауаттылықтан 15 сұрақтан беріледі. Екі бейіндік пәннен – 35 сұрақтан. Бұл жерде 1 сұраққа 2 балл беру мүмкіндігі бар.

Маржан Касымбек