COVID-19: Қазақстан

СҚО “жасыл” аймаққа өтті

СҚО “сарыдан” “жасыл” аймаққа өтті! Өткен тәулікте өңірде 29 адам қауіпті дертке шалдыққан. 22 науқастың бойында ауру белгілері анық байқалады. Айта кетейік, жағдайдың тұрақталғаны шектеу шараларының жеңілдетілетіндігін білдірмейді. Жауапты департамент өкілдері осындай оң динамика 7 күн бойы сақталып тұрса ғана өзгеріс орын алатындығын мәлімдеп отыр. Аймақта коронавирус инфекциясына қарсы иммундау шарасы да жалғасып жатыр. Бүгінде солтүстікқазақстандық мұғалімдер белсенділік танытып, «Спутник V» вакцинасын қойдыруда.

Осы күнге дейін өңір педагогтарының 2900-ден астамы аталған екпенің бірінші компонентін алған. Ал, 600-ге жуығы вакциналаудан толық өткен. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, вакцинаның алғашқы компонентін – 21 мың, екіншісін 4 мыңға тарта теріскейлік салдыртқан.

Елена Мироедова – қалалық бірінші гимназия директорының орынбасары:

– Біз күнде балалармен жұмыс істейміз. Көпшілік арасында инфекция жұқтыруымыз немесе тасымалдаушы болуымыз әбден мүмкін. Сондықтан, екпе алғаным дұрыс деп ойлаймын.

 

Байболат Култанов