Мәдениет

С.Мұқановтың дүниеге келгеніне биыл – 121 жыл

26-шы сәуір күні халық жазушысы, академик және қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туылғанына 121 жыл болады.

Осыған орай жерлесіміздің атындағы облыстық кітапханада «Талантқа тағзым» атты оқулар өтті. Шараға жергілікті университеттің студенттері мен оқытушылары қатысты. Олар жазушының өмірбаянына тоқталды және оған арнап өздері шығарған жыр жолдарын паш етті. Шоқтығы биік тұлғаны еске алу кешінде Сәбит Мұқановтың жерлестері, белгілі журналистер Амандық Жантеміров пен Қали Тортайұлы шараға қатысып, жастармен оның өмірі жайлы әңгіме қозғады.

Бердимурат Баймухан