Әр түрлі

Петропавлда тұрғындардың тынышын алған пәтер жалдаушылар үйден қуылды

Бейберекет шулап, тыным бермеген. Петропавлда тұрғындардың тынышын алған пәтер жалдаушылар үйден қуылды.

С.Мұқанов көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің тұрғыны полиция қызметкерлеріне хабарласып, көршісіне шағымданған. Айтуынша, көрші үйді жалдап тұратын жігіттер түн ортасында музыканы қатты қойған. Қанша ескерту жасаса да елемеген көрінеді. Полиция қызметкерлері 20-25 жас шамасындағы үш жігітке тәртіп бұзғаны үшін заңға сәйкес жаза қолданып, баспанадан кетулерін талап еткен.

Маржан Касымбек