Балалар

Оқушылар арасында “Жас химик-зерттеуші” байқауы ұйымдастырылды

Жас химик-зерттеуші. Осындай атаумен бүгін Оқушылар сарайында байқау өтті. Сайысқа 6-шы мен 10-шы сынып аралығындағы оқушылар қатысты. Ұл-қыздар / бір ай көлемінде түрлі химиялық зерттеулер жүргізіп, дайын жобаларын презентация түрінде қорғады.

Алина Иманбайдың химия пәніне деген қызығушылығы зор. Қалалық байқауларға қатысып, өз зерттеулерін де ұсынған. Бұл жолы да 15 жасар жасөспірім “Жас химик-зерттеуші” атты конкурсқа қатысып, бағын сынап көруді шешкен. 10-сынып оқушысы түрлі тәжірибелер жүргізіп, “Үй зертханасында кристалл өсіру” деген атамуен жоба жазған. Ол бір ай көлемінде кристалдың құрылымы мен физикалық қасиеттерін зерттей отыра, кристалдың өсу процесін бақылаған екен.

Алина Иманбай – Сафуан Шәймерденов атындағы классикалық гимназияның 10-шы сынып оқушысы:

– Кішкентай кристалдарды өсіру үшін 2 аптадай уақыт кетті. Үйде кристалл өсіру үшін су және тұз керек. Бір-екі күн тұзды суда ұстау қажет.

Алина Иманбайдан бөлек “Жас химик-зерттеуші” байқауына тағы 12 оқушы қатысуда. Әр қатысушы жеке жоба әзірлеп, оны қазылар алқасының алдында презентация түрінде қорғауы қажет. Жалпы, мұндай байқау 6-шы мен 10-шы сынып оқушылары арасында жыл сайын ұйымдастырылады. Конкурстың басты мақсаты – ұл-қыздардың арасында химия пәніне деген қызығушылықты арттыру.

Жанат Құрбан – Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының химия пәні мұғалімі:

–  Бүгінгі өтіп жаитқан ғылыми жобада 13 оқушы өзінің жобасын ұсынуда. Жобалардың тақырыптары өте өзекті әрі маңызды. Ұл-қыздар байқауға жақсылап дайындалған.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Дана Ешкенова