Спорт

Палуандар республикалық турнирде жүлде еншіледі

Қоржында – 1 күміс пен 1 қола. Солтүстікқазақстандық палуандар Қарағанды қаласында Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына орай қазақ күресінен ұйымдастырылған республикалық турнирде жүлде еншіледі.

“Сарыарқа батырлары” атты додада 74 келі салмақ дәрежесінде белдескен Батырхан Қайырбек 2-ші орынға табан тіреді. Ал 90 келіде Алтынбек Аусағитов үздік үштікке енді. Айта кетейік, қос бозкілем шебері – жергілікті “Қызылжар арландары” спорт клубының өкілдері.

Байболат Култанов