Ауыл шаруашылығы

Биылғы егіс науқаны жылдағы мерзіміне сай өткізіледі

Қарақұмық егілетін алқап 2 жарым есеге артпақ. Биыл дәл осы дақыл түрін өсіруге / теріскейлік диқандар / 10 мың гектар жер бөлгелі/Ө/ отыр. Көктемгі дала жұмыстары өңірде биыл / мамырдың орта тұсында бастау алмақ. Егіс науқанына қажет тұқым қоры да, техника да дайын. Ауа райы мен топырақ ылғалдылығы да аграрийлер үшін қолайлы болмақ дейді ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары басқармасының мамандары.

 

Қыс бойы жауған қардың көптігіне қарамастан, өңір алқаптарының басым бөлігіндегі ақ ұлпа еріп болыпты. Қазгидромет мамандарының айтуынша бүгінде топырақтағы ылғал деңгейі 86 мм-ді құрайды. Аграрийдің емес, қарапайым тілмен айтқанда көрсеткіш әдеттегі нормадан сәл жоғары. Бірақ, көктемгі дала жұмыстарын уақытылы бастауға еш кедергі емес, керісінше, тіпті қолайлы екен. Егістікке қажет факторлардың барлығын ескере отыра, диқандар науқанды 12-ші мамырдан бастамақ. Келесі айдың 28-іне дейін бұршақ тұқымдас және майлы дақылдарды егу көзделіп отыр. Ал, мамырдың 13-і мен маусымның 5-і аралығында бидай, арпа, сұлыны себу жоспарланған. Жалпы, шаруа биыл 4,3 млн гектар алқапта жүргізілмек.

Қатран Қарманов – СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы:
–  Оның ішінде 2,9 млн гектарға – дәнді дақыл, 950 мың гектарға – майлы дақыл, 329 мың гектарға жем-шөп егіледі. Картоптың алқабы – 32,1, көкөністердің алқабы 6,1 мың гектар болады.

Импортты алмастыру мақсатында былтырдан бері аграрийлер қарақұмықты егуге басымдық бере бастады. Биыл дақылдың бұл түріне 10 мың гектар алқап бөлінбек. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 2,5 есеге көп. Бірақ, қарақұмықты өсіру оңай емес дейді мамандар. Себебі, астықпен жарыса шығатын арамшөппен күресу қиын көрінеді. Әлі күнге дейін әлем бойынша қарақұмық зиянкестерін жоятын гирбицид шығарылмапты. Арнайы препараттар болмағандықтан, топырақты алдын ала өңдеп, оңтайлы мерзімде себу қажет.

Қатран Қарманов – СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы

– Ауыл шаруашылығы қожалықтары 160 мың тонна минералдық тыңайтқыш енгіземіз деп отыр. Бүгінгі күні оның 127 мың тоннасына келісім шартқа отырып, 113 мың тоннасын төледі. Ал, 50 мың тоннасы шаруа қожалықтарына жөнелтілді.

Үкіметтен солтүстікқазақстандық аграрийлерге арналып 67 мың тонна жанар-жағармай бөлінген. Дизельдік отын наурыз айынан бері жеткізілуде. Диқандарға сұйықтықтың 1 литрі 172 тг-ден үлестіріледі. Ал, тұқым болса 100 пайыз дайын. Биыл 479 мың тонна алтын дән себілмек. Бұл жұмысқа 13 мың трактор, 15 мың дән сепкіш және 1200 арнайы кешен жұмылдырылмақ. Ауыл шаруашылығы техникасының 742 данасы – су жаңа. Оны сатып алуға ауыл шаруашылығы қожалықтары 11 жарым млрд теңге жұмсаған.

Эльмира Садвокасова