Спорт

“Qyzyljar” ФК елордалық “Astana”-ға есе жіберді

Ал, “Qyzyljar” футбол клубы тағы да ұтылды. Бұл жолы жерлестеріміз елордалық “Аstana”-ға есе жіберді. Қос ұжым арасындағы бәсеке кеше Нұр-Сұлтан қаласында өткен болатын.

6-шы тур аясындағы бұл матч 3 те 1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Теріскейліктер сапынан жалғыз голды қорғаушы Әлібек Қасым соқты. Ол бұрыштамадан асырылған допты тура бағыттап, торда тулатты. 5 ойыннан кейін петропавлдықтар турнирлік кестенің 7-ші сатысында тұр. Келесі кездесуді жергілікті ұжым талдықорғандық “Jetisý»-ға қарсы өткізеді. Матч сәуірдің 24-ші жұлдызында Петропавлда өтпек.

Алдияр Айтпаев