«Тбилиси» мейрамханасының шатыры өртенді

ТЖД

21:26 19 Сәуір 2021

«Тбилиси» мейрамханасында орын алған өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Бұл туралы жергілікті құтқарушылар брифинг барысында айтты.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жұма күні қаладағы Аяған Шәжімбаев көшесінде орналасқан нысанның шатыры жанған болатын. Мамандардың айтуынша, кешкі сағат 6-лар шамасында 101 нөміріне мейрамхананың жанындағы үйлердің бірінде тұратын қала тұрғыны хабарласыпты. Құтқарушылар бірден оқиға орнына бет алған. Өртті сөндіру үшін жеке құрамнан 67 қызметкер мен 15 техника тартылыпты. Қызыл жалын 19:03-те толық сөндірілген. Тілсіз жау шарпыған аумақ 280 шаршы метрді құрайды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Дмитрий Растихин – СҚО ТЖД бөлім бастығы:

– Жыл басынан бері облыс аумағында 194 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 26 адам қаза тапты. Материалдық шығын көлемі 86 млн-нан асады. Өрттің басым бөлігі, яғни, 75 пайызы тұрғын үй секторында болған. Осы орайда тұрғындарға барынша сақ болып, отты пайдаланғанда немқұрайлық танытпау қажеттігін қаперге саламыз.

Эльмира Садвокасова

Бұдан әрі оқыңыз

Қауіпсіздік шаралары түсіндірілді
Қызылжар ауданындағы Желяково селосында 6 үй жанып кетті
Петропавлда жатақханадан өрт шықты
СҚО-дағы су тасқыны жағдайы
1 мыңға жуық саяжайды су басты
Құтқарушылар өрт қаупі жоғары кезеңге дайындалуда
Шал ақын ауданындағы 3 ауылды су басуы мүмкін
Құтқарушылар өзен-көлдерде рейд өткізуде