Спорт

Шайбалы хоккейден облыс кубогі өз мәресіне жетті

Шаһарда / тұғырлы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған / шайбалы хоккейден / облыс кубогі өз мәресіне жетті. Дүбірлі дода наурыз айында басталған болатын. Биыл жарысқа 7 аудандық және 1 петропавлдық команда қатысты.

Ақтық кезең. 4 команда. Қазір Аққайың ауданының құрамасы мен Қызылжар ауданының ұжымы тартысқа түсіп жатыр. Кездесуді тамашалауға біраз көрермен келіпті. Олар мұз үстіндегі хоккейшілердің шеберліктерін жоғары бағалауда.

–  Бүгін Аққайың мен Қызылжар арасындағы тартысты кездесудің куәсі болып отырмыз. Ақтық ойын болғаннан кейін қос құрама жақсы өнер көрсетуде.

– Қарсыластар бір-біріне лайық. Ойыншылар жан алысып, жан берісуге дайын. Мықты команда жеңіске жетсін!

Қызылжарлық құрама – финалға дейінгі ойындардың барлығын оңай ұтқан ұжым. Ақтық сында да берілер түрлері жоқ. Көздегендері тек жеңіс.

Илья Серик – жарысқа қатысушы, Қызылжар ауданы:

– Кездесулер тартысты өтуде. Көңілім толады. Бірақ, төрешілер тарапынан бір-екі қателік кеткен сыңайлы. Сонысы сәл кері әсерін тигізді. Алдағы уақыттта мұқият болса екен дейміз. Негізі, жақсы дайындалғандық. Жеңіске жетеміз деген ойдамын.

Қызылжарлықтар діттегендеріне жетті. Олар чемпион атанып, кубокқа қол жеткізді. Турнир аяқталғаннан кейін өңір басшысының атынан оның орынбасары Ғани Нығыметов сөз сөйледі. Ол жарысқа қатысушыларды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.

Ғани Нығыметов – СҚО әкімінің орынбасары:

– Бұл – ауқымды спорттық мереке. Ұйымдастырылған жарыстың арқасында әуесқой спортшылар өздерін біршама шыңдап, жақсы жақтарынан көрсетті. Алдағы уақытта жеңістеріңіз көбейе берсін! Мықты денсаулық тілеймін!

Ал 2-ші орын – Мағжан Жұмабаев ауданының хоккейшілеріне, 3-ші орын петропавлдық командаға бұйырды.

Алдияр Айтпаев