COVID-19: Қазақстан

Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал

Соңғы тәулікте 1773 қазақстандық коронавирус инфекциясынан толық айықты. Бірақ, республика бойынша тіркелген жаңа жағдайлардың саны одан да көп.

24 сағат ішінде ковид-19 2700 адамда расталған. Тәжді вирусқа байланысты ахуал, әсіресе, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында өршіп тұр. Ал біздің өңірдегі жағдай бірқалыпты. Бүгінде СҚО сары аймақта. Соңғы тәулік ішінде коронавирусты 35 жерлесіміз жұқтырған. Олардың 21-інде аурудың айқын белгілері бар, ал қалған 40 пайызында дерттің симптомдары байқалмайды.

Эльмира Садвокасова