МТРА жаңалықтары

Жуырда көктемгі аңшылық маусымы басталады

Табиғат аясына құс көздеп шыққан азаматтар бірнеше талапты ескерулері қажет. Бірінші кезекте адамның өзімен бірге аңшылық билеті, қару ұстауға рұқсат қағазы мен аңшылық шаруашылығымен жасалған келісім шарты болуы керек. Бірақ, тиісті құжаттарым бар екен деп көзге түскен құстардың барлығын ата беруге болмайды. Биыл тек екі қанаттыны ғана нысанаға алуға болады. Олар: дала үйрегінің еркегі мен құр. Тиісті ережелерді бұзған аңшыларға жаза қарастырылған: 15 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Олег Беспалов – СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

– Көктемгі аң аулау маусымы соңғы рет 5 жыл бұрын болған еді. Облыс аумағында 46 аңшылық шаруашылығы бар. Биыл соның жартысында ғана құс атуға болады. Бұл шаруашылықтардың көктемге тиісті лимит қалдырмағандығымен байланысты.

Алдияр Айтпаев