МТРА жаңалықтары

Биылдан бастап 500 қазақстандық ғалым шетелде тағылымдамадан өтеді

Бұл жайлы Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында айтылды. Президент осы турасында әуелде «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында тапсырма берген болатын. Араға біршама уақыт салып маңызды міндет орындалып отыр. “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде тағылымдамадан өтуге арнайы санаттар бекітілді. Олар: ғалымдар, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, педагогтар, мемлекеттік қызметшілер мен инженерлік-техникалық мамандық иелері. Іске қанша қаржы бағытталатыны алдағы уақытта мәлім болмақ. Нақты сома тәжірибе алуға ниет білдірген жандардың өтінішін қарау кезінде есептеледі екен.

Маржан Касымбек