Құқық қорғау органдары

Масаң күйде көлік ұрлаған Бескөл тұрғыны ұсталды

Оқиға Бескөл ауылында орын алған. Құны 1 млн 200 мың теңге болатын «Audi-100» маркалы машина үйдің ауласында тұрыпты. Бірақ, есігі құлыпталмаған екен. Кілті де ішінде болса керек. 27 жастағы жігіт ойланбастан темір тұлпарды тізгіндеп кете берген.

Көлігінің ұрланғанын бірден байқаған иесі тәртіп сақшыларына хабар береді. Полиция қызметкерлері қылмыс орнын зерттеп, баукеспенің ізіне түскен.

Темірбек Таубаев – Қызылжар аудандық полиция бөлімінің тергеушісі:

– Жедел-іздестіру шарасы барысында күдікті Бескөл ауылының орталық стадионының жанынан ұсталды. Көлікті айдап кеткен – осы елді мекеннің 27 жастағы тұрғыны. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке қамауға алынды.

 

 

 

Эльмира Садвокасова